Кеңес барысында әдістемелік бірлестік жетекшілерінің есептері тыңдалып, келесі оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар айқындалды.
Педагогикалық ұжымның қолдауы мен ерекше ықыласына лицейде алғашқы жыл еңбек еткен педагогтер - Алибекова Д.С., Ұлан А.С., Мурзалин Б.Б. сондай-ақ бағаланбайтын пәндер мұғалімдері - көркем еңбек пәнінің мұғалімі Иргибаев Т.Б. мен музыка пәнінің мұғалімі Даниярова Р.Ж. ие болды.
«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында әдістемелік бірлестіктер жыл қорытындысы бойынша марапаттауға ұсынылатын педагогтердің кандидатураларын ұсынды.
Салтанатты жағдайда «Тағылым» журналына мақалалары жарияланған 18 автор өз даналарын алды.
Ғылыми-әдістемелік кеңес оқу жылының нәтижелерін қорытындылап қана қоймай, жаңа идеялар мен кәсіби дамуға бағытталған маңызды алаңға айналды.



