4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл мереке әрбір азаматқа еліміздің ең маңызды құндылықтарын, тәуелсіздік, бірлік және отансүйгіштік рухын еске салады.
Мемлекеттік рәміздер - Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны халқымыздың тарихын, мәдениетін және ұлттық рухын бейнелейді. Олар бізді біріктіріп, Отанымызға деген мақтаныш сезімін арттырады және оның болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелейді.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет өскелең ұрпақтың туған еліне деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал ете берсін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
