Экскурсия барысында балалар қызметтік иттердің өз нұсқаушыларымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтаудағы маңызды қызметімен танысты. Әсіресе қызметтік иттердің жетістіктері оқушыларды таңғалдырды, өйткені олардың көмегімен көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мүмкін болған.
Орталық аумағында қызметтік жылқылар орналасқан ипподром да бар. Бұл жылқыларды атты полиция саяжай аумақтарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Оқушылар уақыттарын пайдалы өткізіп, көптеген жағымды эмоцияларға бөленді. Олар жануарлардың тек біздің достарымыз ғана емес, сонымен қатар сенімді қорғаушыларымыз екенін түсінді.

