Осы акцияның арқасыеда кітап қоры толығып, кейінгі буын лицей оқушылары жаңа әлемдерді танып, маңызды сұрақтарға жауап тауып, жаңа жетістіктерге шабыт алады.
Құрметті түлектер! Сыйға тартылған әрбір кітап жай ғана басылым емес. Бұл - сіздер туралы естелік, тарихтарыңыздың бір бөлшегі, лицейге деген қамқорлық пен алғыс!
Сіздерге армандарыңызға батыл қадам басып, өзгерістерден қорықпай, өздеріңізге сеніп, лицей достығы мен шынайылығының жылуын әрдайым сақтауларыңызды тілейміз. Алда тек керемет жеңістер, сенімді достар мен бақытты сәттер көп болсын! Лицей қабырғасында алған білімдеріңіз өмір жолында мықты тірекке айналсын!


