RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Жеңіс күні қарсаңында лицейде Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихи жадыны сақтау мақсатында «Естелік көгершіні» атты патриоттық акция өтті. Қатысушыларға бейбітшіліктің, үміт пен өмірдің символы болып саналатын көгершіннің үлгілері таратылды.
Әр көгершінге жүректе терең із қалдырған соғыс туралы кітаптар мен фильмдердің атаулары және бейбітшілік, мейірім мен тыныштық тілектері жазылды. Ал біздің лицей оқушылары Иксанов Радмир, Павлик Егор және Фоминых Илья өз бейнероликтерінде осы кітаптар туралы баяндады. Олардың жұмыстарында шынайылық, құрмет және жаңа буынның өткенге деген көзқарасы көрініс тапқан. Мүмкін, осы бейнероликтерден кейін сіз де бұл кітаптарды қолыңызға алып, тек соғыс туралы ғана емес, ең қиын жағдайдағы адам тағдыры туралы да оқығыңыз келер.
Лицей кітапханасында сол жылдардың атмосферасын сезінуге, адамдардың рух күшін түсінуге және халықтың ерлігін есте сақтауға көмектесетін шығармалар жинақталған тақырыптық сөре безендірілді.