Жаратылыстану пәндері он күндігінің аясында лицейімізде «Eco-Aesthetics: Лицей табиғатының сиқыры» атты фотобайқау өтті. Бұл байқау қатысушыларға туған лицей аумағына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Басты тақырып - үйлесім эстетикасы: лицей ғимараты мен антропогендік ортаның табиғатпен қатар үйлесіп өмір сүруі. Қатысушылар осы нәзік тепе-теңдікті сезініп, лицей ауласының әр бұрышынан сұлулық таба білді.
Нәтижелер керемет! Сіздер лицейдің тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар сәулет пен табиғат үйлесім тапқан ерекше кеңістік екенін дәлелдедіңіздер.
Қазылар алқасы жұмыстарды бағалап, ең үздік әрі ерекше кадрларды таңдауда.
Жеңімпаздар 30 сәуір күні жарияланып, марапатталады.
