Ағылшын тілі мұғалімі Г.С. Тобулбаева және интернат мұғалімі Г.С. Турмухамбетова ұлттық «SAQ» бастамасы аясында онлайн оқытудан өтуде.
Бағдарлама мұғалімдерді оқушыларда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындауға бағытталған.
Оқу барысында мұғалімдер қауіпсіздік негіздерін (табиғи, техногендік және әлеуметтік төтенше жағдайлар) үйренеді және қауіпсіздік тәжірибелерін оқу процесіне енгізу әдістерін меңгереді. «SAQ» жобасын «Ұлттық еріктілер желісі» және «Білім керуені Chevron» қоры компаниясының қолдауымен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен серіктестікте жүзеге асыруда.
Оқу аяқталғаннан кейін мұғалімдерге @saq.urpaq.kz SAQ офицері мәртебесі беріледі.

