RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

10 сәуір күні «ЛОРД» лицейінде 4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Бұл шара оқуын біздің білім беру мекемемізде жалғастыруды жоспарлаған оқушылардың ата-аналарына арналды.
Бағдарлама аясында қонақтар оқушылардың ғылыми жобаларының таныстырылымына қатысып, «Тарих толқынында» атты стендтік материалдармен танысты, сондай-ақ лицейдің білім беру қызметінің ерекшеліктеріне арналған баяндамаларды тыңдады.
Қосымша білім беру үйірмелеріне бару ерекше қызығушылық тудырды: «Жас сарбаз», теннис, дебат, шахмат, робототехника, домбыра, театр үйірмесі, кітап клубымен таныса алды!
Лицей ата-аналар мен оқушыларға білім беру қызметіне көрсеткен қызығушылығы және іс-шараға белсенді қатысқаны үшін шынайы алғыс білдіреді!