RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

10 сәуірде «ЛОРД» лицейінде төртінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтеді.
Іс-шараның мақсаты - болашақ лицей оқушыларын және олардың ата-аналарын білім беру ортасымен, оқу жағдайларымен және дамудың мүмкіндіктерімен таныстыру. Қонақтар қосымша білім беру үйірмелерін аралап, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктері жөніндегі презентациялармен танысады.
Қатысушылар сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын көріп, кітапханаға, интернатқа және асханаға бара алады.
Ашық есік күні ата-аналарға лицейді «ішінен» көруге, балалардың жан-жақты дамуы мен сәтті оқуына барлық жағдай жасалғанын сезінуге мүмкіндік береді.