2 «А» сыныбында Денсаулық күніне арналған сынып сағаты көңілді әрі қызықты өтті. Белсенді қатысушылар тек оқушылар ғана емес, ата-аналар да болды.
«Нептун» фитнес орталығының жаттықтырушысы Жамалиев Сергей Вахиевич балалар мен ата-аналарға сергек көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу аптасына тың серпін берген сергіту жаттығуын өткізді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Галимжанов Мадияр Сайранвичтың жетекшілігімен барлығы қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, үлкен қуаныш пен күш-қуат алды.
Дендеріңіз сау болсын! Спортпен айналысып, энергия мен позитивке толы болыңыздар!








